Атырауда жасөспірім ұры 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кәмелетке толмағандар үшін сот төрелегінің мақсаты  -  баланы қоғамнан айыру емес, оның жеке басының одан әрi қылмыс құрығында болуына жол берместен  әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу, жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және олармен жасалатын қылмыстың алдын-алу, ең бастысы кәмелет жасқа толмағандарды жазалау емес кері тәрбиелеу қағидасын ұстана отырып,   құқық бұзушы жас жеткіншекке дұрыс бағыт бағдар бере отырып, қоғамға қайтару болып табылады.

Алайда, сотпен берілген тәрбиелену мүмкіндігін пайдаланбай, өзіне сабақ алмаған  жасы кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты  Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 3 бөлігінде көрсетілген «Ұрлық» яғни, бөтеннің мүлкін тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй жайға жасырын кіріп, бірнеше рет, ірі мөлшерде жымқыру іс әрекеті үшін айыптау турасындағы  қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен жүргізілген сот отырысында қаралды.     

2000 жылы дүниеге келген сотталушы бұрын да бірнеше рет ұрлық қылмысын жасағаны үшін  шартты жазасын өтеп жүріп, қайтадан ұрлығын жалғастырып  Атырау қаласында орналасқан он бір үйге ұрлыққа түсіп, жәбірленушілерге барлығы 5131 000теңге  материалдық залал келтіргені  сот тергеуіне толық дәлелін тапты.

Сот,  сотталушы және  жәбірленушілердің процессуалдық келісімін ескеріп,  бұрынғы сот үкімімен  тағайындалған  жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, сотталушыға түпкілікті жаза ретінде 3  жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жаза өтеу орнын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесіне тағайындады. Он бір жәбірленушіге келтірілген  материалдық шығын  5131 000 теңге  сотталушының заңды өкілі-  әкесінен өндіруге үкім етілді .

Үкім заңды күшіне енген жоқ.   

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі