Азаматтық іс бойынша бейнеконференцбайланыс құрылғысын қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттар мен Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің «Қашықтағы сот процесі» жобасы аясында қылмыстық істерді және материалдарды қарау кезінде сот отырыстарында сотталушыларды, сондай-ақ тергеу изоляторларында және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдарды этаппен апарусыз бейнеконференцбайланыс жүйесімен қаралуда.

Ювеналдық сотта Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының азаматтық іс бойынша сот тапсырмасын орындау мақсатында, Атырау қаласы аумағында  орналасқан УГ-157/11 әйелдерге арналған түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген жауапкер жауапталды.

Бейнебайланыс арқылы жауапталған жауапкер талап қоюшы бұрынғы жұбайының алимент мөлшерін азайту жөніндегі талап қою арызын толық көлемде мойындап өз түсінігін берді. Осылай бейнебайланыс жүйесін қолдану арқылы сот тапсырмасы қысқа мерзімде орындалды.

Сонымен қатар, бұл жаңашылдық азаматтық істер бойынша да жүзеге асырылып отыр, атап айтсақ ювеналдық сотпен шілде айында екі азаматтық іс бойынша жауапкерлер бейнебайланыс жүйесімен жауапталған.

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі