Балағаттағаны үшін айыппұл төлейтін болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Ж. 2017 жылдың наурыз айында Құлсары қаласы, 8-ауыл өндірістік аймағында орналасқан «Казтрансойл» мекемесі ішінде жұмыстасы Қ.-ны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22690 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі