Демалыс лагеріндегі оқушылармен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық  соты қызметкерлерімен Индер ауданы Елтай ауылында орналасқан «Жас Өркен» жазғы демалыс лагерінде демалып жатқан оқушылармен және мұғалім - тәрбиешілермен «Мектеп медиациясы: мәселелері мен келешегі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге судья А.Куспанов, аға сот приставы Г.Егизбаева, оқушылар, мұғалімдер, психологтар мен Индер аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы А.Сейтказиев қатысты.

Кездесу барысында судья А.Куспанов әлем бойынша кең тараған медиация дауларды сотқа дейін реттеуді көздейтіндігін, «Мектеп медиациясы»  мектепте ата-ана мен мұғалім, мұғалім мен оқушы, басқа да мамандар арасында  дау-дамайлар туындаған кезде септігі мол, оның мақсаты - балаға тәрбие беру, білім беру салаларында қауіпсіз орта қалыптастыру екендігін атап өтті.

Бұндай әдіс тек қана мектепте ғана қолданылмайды, мектепке дейінгі тәрбие, ЖОО, орта білім беретін мекемелер, қиын балалармен жұмыс істейтін орталықтар, ата-аналар үшін де пайдалы.

Мектеп медиаторы ретінде психолог та, әлеуметтік педагог та,ұстаз да қызмет ете алады.

Аға сот приставы Г.Егизбаева өз сөзінде мектеп медиациясының негізгі міндеті - жасөспірімдерді қандай деңгейде болсын қайшылықтарды бейбіт жолмен шеше білуге, ал үлкендердің балалардың айтайын дегенін тыңдата білуге үйрету, жүргізушінің міндеті - әр тараптың пікіраралық дәрежесін анықтау емес, олардың келіссөз жүргізуіне көмектесу, қорлау және қорқыту әрекеттеріне жол бермеу жолдары, дау келісімді түрде шешілетіндігі туралы айтып берді.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, судья қатысушыларға  оқуда сәттілік, көңілді демалыс тіледі.

Источник: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі