Экономикалық сотта сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, облыстық прокуратура, мемлекеттік мекеме өкілдері, коммерциялық ұйымдардың заңгерлері қатысты.

Дөңгелек үстелде «АПК-нің 9 тарауы бойынша Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары» тақырыбында судья А.Б.Саудабаев, «ӘҚБтК-нің 653 бабы бойынша әкімшілік істі жүргізу және жаза тағайындау» тақырыбында судья Ж.С.Хабаров сөз сөйледі.

Аталған іс-шарада сот төрелігінің міндеттерін, сот алдында жұрттың бәрі тең - Конституция принципін және сот отырысының тәртібін іске асыру мақсатында сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларының қажеттілігі талқыланды және түсіндірілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің пікірлерін айтып және шара ұйымдастырылғандығына алғыс білдірді.

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі