Ерлі-зайыптылар медиация арқылы татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрманғазы аудандық сотында 2017 жылғы 22 тамызда талап қоюшы А. жауапкер С. неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды. Талап қоюшы А. сот барысында жауапкер С-мен келісуге ниетті екендігін, ал жауапкер С. некені бұзуға қарсылық білдіріп, талап қоюшымен татуласқысы келетінін айтты.

Тараптар азаматтық істі медиация тәртібімен қарауды және ұсынылып отырған медиация шартын бекітуді сұрады.

Сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісім шартты, онда тараптардың бір-біріне қойған шарттарын қарап, атап айтқанда талап қоюшы А. жауапкер С-ға жанұяны сақтап қалуға мүмкіндік беретінін, ол үшін жауапкер талап қоюшыға түсіністікпен қарауды, тапқан табысын жанұясын асырау үшін әкелуді, ал жауапкер аталмыш талаптарды орындауға міндеттенген келісім шартты бекітіп, азаматтық істі қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі