Халықаралық келісімшарттардың ұлттық сот өндірісіндегі ролі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында «Халықаралық құқық нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үтел өткізілді.

Шараға судья А.Куспанов, аға прокурор Б.Адилгалиев, адвокат Т.Жаксимбетов, кәсіби емес медиатор Б.Құнас, кеңсе меңгерушісі Э.Тулепбергенова және кеңсе мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелді судья А.Куспанов ашып, азаматтар мен ұйымдардың соттағы құқықтарын қорғауда, бостандығы мен заңдық ықыласын қамтамасыз етуде халықаралық келісімшарттарға айтарлықтай рөл тиесілі, сондықтан қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасының юрисдикциясының шегінде халықаралық құқық нормаларына жүгінуге міндетті – деп көрсетіп өтті.

Қазақстан Республикасының «Халықаралық келісімшарттар туралы» заңының 1-быбының 6) бөлігіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республиикасы шет мемлекетпен немесе халықаралық ұйыммен жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сандай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.

Индер аудандық сотында халықаралық келісімшарт қолданумен 2017 жылы бүгінгі күнге дейін 32 қылмыстық іс, 206 азаматтық іс және 194 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды. Сонымен қатар, сот актілерінде көбінесе «Азаматтық және саяси құқықтар» халықаралық пактісіне сілтеу жасалуда.

Сот тәжірибесінде халықаралық келісімшарттарды қолдану сот жүйесінің дамуының және Қазақстан Республикасында халықаралық келісімшарт нормаларын қолданудың маңызды факторы.

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар бір-біріне жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі