Индерде көршісін өлтірді деп күдіктелген азамат қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Индер аудандық сотының тергеу судьясы  адам өлтірді деп күдіктелген азаматқа қатысты  екі айға дейін мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция  беру туралы өтініші қаралды.

Тергеу құжаттарына сәйкес, 5 қыркүйекте күдікті К. көршісімен  келіспеушілікке келіп қалған. Кейін күдікті үйінен асхана пышағын алып шығып, жәбірленушінің кеудесіне екі рет соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға болған жерде көз жұмған.

Күдіктінің жасаған қылмысы – аса ауыр санаттағы қылмыс қатарынан болғандықтан, тергеу және сот органдарынан қашып кету,тергеуге және сот ісін жүргізуге кедергі келтіру мемкіндіктері бар екендігін ескеріліп, оған қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» санкциясын беру туралы өтініш қанағаттандырылды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Источник: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі