Ірі мөлшердегі алкоголь өнімдері тәркіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігінің 7-тармақшасымен «Бақ-Береке» кооперативіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны М.Т. «Камаз-5484» маркалы автокөлігімен ілеспе жүкқұжатсыз арақ өнімдерін алып келе жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған. Тасылмалданған арақ өнімдерінің құны 10 832 700 теңгені құраған.

Сот отырысында «Бак-Береке» өндірістік кооперативінің өкілі Н.С. өз кінәсін мойындады.

Сот «Бақ-Береке» өндірістік кооперативін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігінің 7-тармақшасымен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарларды тәркілей отыра, 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 340 350 теңге әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі