Исатай аудандық сотында «Гендерлік саясаттың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында  «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында менинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке сот төрағасының м.а. Е.Абдраманов, судья Ж.Мухаметова, сот мамандары, «Нарын таңы» газетінің тілшісі, Абай атындағы орта мектебінің, Өркен ауылдық орта мектебінің өкілдері, «Исатай аудандық орталық ауруханасы» ММ-нің өкілдері, Исатай аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасының м.а. Е.Абдраманов іс-шараны ашып, баяндама жасау үшін судья Ж.Мухаметоваға сөз берді.

Судья Ж.Мухаметова өз баяндамасында ер және әйел адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейтінін, Қазақстан Республикасында Гендерлік саясатты іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болатынын, гендерлік саясат – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы екендігін атап өтті.

Гендерлік саясат ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.

Семинар-тренингке қатысушылар  әйел адамдардың отбасылық–тұрмыстағы зорлық, сондай-ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау, отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттертақырыптарын талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар судьяларға осындай шаралар өткізгендігі үшін өз алғыстарын білдірді.

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі