Исатай аудандық сотында қоғамдық қызығушылық туғызған азаматтық істер бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында қоғамдық қызығушылық туғызған азаматтық істер бойынша брифинг өткізілді.

Аталған шараға аудандық соттың төрағасы А.Мағзомова, БАҚ-пен байланыс бойынша үйлестіруші-судья Е.Абдраманов, аудандық соттың судьясы Ж.Мұхаметова, Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшісі С.Панабердиев, үкіметтік емес ұйымдар – «НұрОтан» партиясының Исатай аудандық филиалының басшысы А.Ахметжанова, «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігінің директоры Г.Хисметуллина, «Сәуле» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қ.Зайнова, Исатай ауданының тұрғындары Б.Құрман, Е.Зайнов және басқалар қатысты.

Брифингті аудандық соттың төрағасы А.Мағзомоваашты.

Төраға А.Мағзомова талап қоюшылар Б. және К-нің жауапкер И.-ға ар-намысты, қадір-қасиетті қорғау, моральдық зиян өндіру туралы талап қою арызы бойынша және талап қоюшы Е.-нің жауапкер И.-ға ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық істер бойыншабаяндама жасады.

Бұл орайда, Атырау облысының Исатай аудандық сотының2017 жылғы 27 наурыздағы шешіміменталап қоюшылар Б. және К.-нің жауапкер И.-ға ар-намысты, қадір-қасиетті қорғау, моральдық зиян өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс бойынша талап ішінара қанағаттандырылған.

Сондай-ақ, Атырау облысының Исатай аудандық сотының 2017 жылғы 28 наурыздағы шешімімен талап қоюшы Е.-нің жауапкер И.-ға ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс бойынша талап қанағаттандырылған.

Соттың шешімдері заңды күшіне енбеген.

Брифинг барысында Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшісі С.Панабердиев, «НұрОтан» партиясының Исатай аудандық филиалының басшысы А.Ахметжанова және басқаларсудьяларға сұрақ қойып, барлық толғандырған сұрақтарына жауаптарын алды.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі