Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиацияны қолданумен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат С.И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай, азамат С.И. 2017 жылдың тамыз айында Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылы, Бөкей хан көшесінің бойында жәбірленуші С.Б-ны ұрып-соғып, қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірген.

Сотқа тараптардан  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш түсті.

Сот қаулысымен дау медиациялық тәртіпте шешілуіне байланысты іс  бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі