Әкімшілік сот ашық есік күніне шақырады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрелігінің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беру үшін «Ашық есік» күні өткізілетіні хабарланады.

«Ашық есік күні» шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып, өздерінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар. Азаматтардың сұрақтарына сот төрағасы мен судьялар жауап береді.

«Ашық есік» күні Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында 3 мамыр 2017 жылы сағат 15.00-17.00 аралығында өткізіледі.

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 140

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі