Кәмелетке толмаған 6 жастағы бала анасының тәрбиесіне қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттері жүктелген органының азаматша К.-ны кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша К.-ның асырап бағуында 10 және 6 жасар екі кәмелетке толмаған балалары барлығы, 10 жастағы  үлкені әжесінің тәрбиесінде, ал 6 жастағы кішісі Атырау облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Балаларына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы мәселені шешуде сот кәмелетке толмаған балалардың анасының өз ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтармайтынын, балаларынан бас тартпайтынын, спирт ішімдіктерін пайдаланбайтынын, жұмыс жасайтынын анықтаған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі