Кәмелетке толмаған бөлесін масаң күйге жеткiзген жігіт қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған туысын масаң куйге жеткізген Құрманғазы ауданының тұрғынына  қатысты әкімшілік  іс қаралды.

2017 жылдың 04 шілдесінде, сағат 22.00 шамасында, Құрманғазы ауданы тұрғыны, жасы кәмелетке толмаған  бөлесіне сыра ішкізіп,  масаң күйге дейін жеткiзген.

Сот отырысында жауапталған құқықбұзушы өзінің 15 жастағы бөлесіне сыра алып беріп, бірге ішкенін, сол кезде дүкен жанында отырғанда құқық қорқау органдары қызметкерлеріне ұсталғандарын, сараптама өткізген кезде жеңіл түрде  мас екендері анықталғанын айтты.

Сот қаулысымен құқықбұзушы  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 131 бабымен, яғни кәмелетке толмаған баланы масаң күйге дейін жеткізгені үшін  кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі