Қорғаушылармен жұмыс бабында кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот судьяларының аудандық заң консультациясының адвокаттарымен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, судьялар мен адвокаттар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында кездесу өтті.

Кездесуде сот төрағасы Б.Жұмабаев адвокаттарды медиация мен партисипативтік рәсімдерді енгізу мен дамыту, БАҚ-та құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық мүмкіндіктерін қолдану мәселелері бойынша жұмыста белсенділік танытуға шақырды. Ол судьялар мен адвокаттардың процессуалдық емес байланыс фактілерін болдырмау, әдепті сақтап, әлеуметтік желілерде және БАҚ-та негізсіз жағымсыз пікірлермен бөлісуден бас тарту қажеттігін атап көрсетті. 

Шара соңында адвокаттар мен судьялар тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға ниет білдіріп, бір-біріне табысты еңбек тіледі.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі