Қорғаушылық үшін пара алған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 1) тармағыменайыпталған Г.А.ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Г.А. Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаметінің УГ-157/10 мекемесінің жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілі қызметін атқарған кезінде, яғни мемлекеттік қызметкер болып қылмыс жасаушыны қолдаушыіс әрекеті үшін сотталған О.Е.-дан 50 000 теңгені өз автокөлігінің ішінде пара алған.

Сот отырысында сотталушы Г.А.  кінәсін мойындамай, пара алуға ниеті болмағанын, ол сотталған Е.О-ның әрекетісыбайлас жемқорлыққа арандату  екенін айтты. 

Сот үкімімен Г.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің366 бабының 3 бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 70 000 теңге айыппұл салынып, мүлкін тәркелеумен, өмір бойы мемлекеттік қызметтен айыру  жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі