Көршілер медиация арқылы татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-бөлігімен С.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айындакөршілер С.Б. мен жәбірленуші У.С. арасында құдықты пайдалану үшін жанжал туындап, С.Б. жәбірленуші У.С.-ны ұрып, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Істі қарау барысында С.Б. жәбірленушімен татуласуға ниет білдірген.

Сот тараптарды татуластыру үшін медтаторды шақырған.

Сот отырысы барысында кәсіпқой емес медиатор З.Хидуллин тараптардың татуласқандарын айтып, жасалған шартты бекітуді сұрады.

Медиация туралы шартта көрсетілгендей, жәбірленуші, егер С.Б. өзінен кешірім сұраған жағдайда онымен татуласуға, ал С.Б. өз кезегінде кешірім сұрап, алдағы уақытта бұндай әрекетті қайталамауға міндеттенген.

Сот әкімшілік істі қысқартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі