Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Армения Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, көші-қон полициясы Армения Республикасы азаматшасының құжаттарын тексеру барысында шетел мемлекеті азаматшасының Қазақстан Республикасының аймағына 2016 жылы кіріп, Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдарында тіркелмей, алты айдан астам уақыт тұрып жатырғанын анықтаған.

Армения Республикасының азаматшасы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігімен қарастылыған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот азаматшаның зейнеткер жасын ескеріп, оған 34 035 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі