Құрманғазы аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Амангалиев, «Серпер»  газетінің тілшісі Қ.Ғұмаров, жергілікті полиция қызметкерлерінің учаскелік полициялары, прокурордың орынбасары М.Рахимовтың қатысуларымен «Гендерлік саясат» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Аудандық сот төрағасы Е.Амангалиев Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеті әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына теңестірілген дәрежеде қол жеткізуі, экономикалық тәуелсіздікке тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамытуға және қызметтік мансабының өсуіне, отбасындағы міндеттерді бірдей жүзеге асыруларына жағдайлар жасау, жыныстық зорлық-зомбылықтан азат болу екенін  айтты.

Сонымен қатар, қатысушыларға отбасы құндылығын дамытуды, неке бұзудың алдын-алу шаралары ретінде халық арасында үлгілі отбасыларды насихаттауды, оқу орындарында, мекемелерде осы бағытта лекциялар мен семинарлар өткізуді қамтамасыз етуді және жергілікті телеарналардан отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні бар сұхбаттар беруді  ұсынды. 

Іс-шара соңында сот төрағасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жекеше айыптау істерін сотта қарау меселелері бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі