Құрманғазы аудандық сотында «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Мектеп медиациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Құрманғазы аудандық сотының судьялары мен кеңсе мамандары және аудандық білім беру бөлімі мен аудандағы мектеп мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мектеп медиациясының ұйымдастырылу қажеттілігі және медиация бөлмелерінің білім беру мекемелерінде ашу керектігі туралы мәселелер қозғалды.

Аталған шараға жауапты судья Г.Тасқынбаева шараға қатысушыларға татуласу рәсімдері, соның ішінде медиацияның шет елдерде кеңінен қолданылатынын және Елбасымыз да осы институтқа ерекше назар аударатынын тілге тиек етті.

Осы ақпараттарды қатысушыларға ұсына отырып, судья мектеп медиациясының болашақта тәжірибе ретінде өмірімізге енгізу және қоғам болып оны қолдап, белсенді қатысу керектігін айтып өтті.

Шара соңында қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, бір-біріне жаңа институтты қалыптастыруда жетістіктер тіледі.

 

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі