Құрманғазы аудандық сотының судьялары журналистерге құрмет көрсетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Аманғалиев және судья Г.Тасқынбаева жергілікті «Серпер» газетінің қызметкерлерін байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтап, өздерінің риясыздық еңбектері үшін, соның ішінде сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарын, оның күрделілігі мен жауапкершілігі, сот жүйесінде болған реформалар туралы жергілікті тұрғындарды уақытылы хабардар еткендігі үшін өз алғысын білдірді.

Мерекелік шара өткізу барысында  БАҚ  өкіліне  құттықтау хаты мен  естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жергілікті «Серпер» газетінің  бас редакторы Т.Дарелов сот ұжымы ұйымдастырған шараға өзінің алғысын білдірді.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз ақпараты