Құрманғазы ауданының тұрғыны заңсыз қару сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында құқықбұзушы К.Б.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

К.Б-нің өзінің тұрғын үйінде еш жерде тіркелмеген 16 калибрлі «Иж-17» маркілі бір ұңғылы мылтығын заңсыз сақтап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқықбұзушы К.Б. сотқа арыз жолдап, онда кінәсін мойындап, істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқықбұзушы К.Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, қаруы тәркіленіп, ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігі қолданылып, 31 766 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

 

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі