Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі - Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын. Бүгінде біздің басты мақсатымыз көпұлтты қазақ халқының бірлігі мен тұтастығы болып табылады. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды.

«30 тамыз – біздің мемлекетіміздің тарихындағы ерекше күн. Конституция – Қазақстанның өркендеуі мен тұрақтылығының негізі, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Конституцияны 1995 жылы қабылдау республиканың мемлекеттілігін нығайтуда үлкен рөл атқарды.

Осындай айтулы күні сіздерге, сіздердің отбасыларыңызға тек қана тыныштық, ашық аспан, береке, бірлік, әр отбасында тек қана бақыт болсын, ал Отанымыздың көркейуіне жетелейтін жеңістер бізге үлкен табыстар әкелсін.

Құрметпен, сот төрағасы М.Бектұрғанов