Қызылқоға аудандық сотында ашык есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттау, халықтың сотқа деген сенімін нығайту, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы А.Досмагамбетова село тұрғындарын қабылдап, олардың сауалдарына жауап берді.

Ашық есік күнінің өткізілетіні алдын-ала село тұрғындарына хабарлау  үшін «Қызылқоға» газетінде хабарландыру жарық көрді және Атырау облыстық сотының сайтында жарияланып, сайт тұтынушылардың назарына берілді.

Ашық есік күніне келген Көздіқара ауылының тұрғыны Д.Табынбаев өзінің туған жылының дұрыс жазылмауы салдарынан тылда еңбек еткен фактіні анықтай алмай жүргенін, бұның зейнетақы алуына қажетті екенін айтып, сотқа заңды маңызы бар фактыны анықтау туралы арыз беру тәртібін түсіндіруді сұрады.. Сот төрағасымен оған заң тұрғысынан сотқа жүгіну тәртібі түсіндіріліп, сонымен қатар, сотқа жүгіну үшін қажетті кейбір анықтамаларды Қызылқоға және Мақат ауданының ХҚКО-нан алуға ықпал жасалды.

Сондай-ақ ашық есік күніне келушілерге сот кеңсесінде азаматтарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған, арнайы күту залында талап-арыз үлгілері, мемлекеттік баж мөлшері, «Сот кабинетімен» жұмыс жасау тәртібі көрсетілген, сотқа келушілерге барлық мүмкіндіктер жасалғаны назарларына жеткізілген.

Сот жүйесінің  осылайша ашық, қарапайым адамдарға қолжетімді болуы күнделікті бақылауда ұсталып отыр.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі