Қызылқоға аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықты жою  –  қоғамның басты міндеті мен борышы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары С.Жаңабаев, Қызылқоға  аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.Сарманов, Қызылқоға аудандық әділет басқармасының бастығы М.Тұрдағалиев, Қызылқоға АІІБ қызметкерлері , жергілікті атқарушы орган өкілдері және жергілікті «Қызылқоға» газетінің тілшісі Г.Мақсот қатынасты.

Аталған шараны аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.С.Сырғабаева ашып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында, сыбайлас жемқорлықпен күресте оның жою, алдын-алу жағдайларын үнемі айта отырып, мемлекеттік қызметкерлерге үлкен міндеттер жүктегенін, қазіргі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда індеттің салдарымен емес, оның себептерімен, түп-төркінімен күреске ден қойылғаны жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Шараға қатысушылар да осы тақырыпта ой-пікірлерін ортаға салып, сыбайлас жемқорлықтың қауіпті құбылыс екенін, осы індетпен күресу қоғамның басты міндеті мен борышы болып табылатынын атап көрсетті.

Дөңгелек үстел қорытындысымен Қызылқоға ауданы әкімдігіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, халыққа заңды түсіндіру мақсатында  аудан көлемінде ауқымды іс-шара өткізу жөнінде ұсыныс беру көзделді.

Источник: 
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі