Махамбет аудандық сотында «Электронды санкциялау» пилоттық жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Электронды санкциялау» пилоттық жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Ж.Ураков, Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің анықтаушылары  А.Мусагалиев, Е.Ақкөзов қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аудандық соттың төрағасы Б.Қадырғалиев электронды сот төрелігін дамытуда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының тарапынан сот жұмысын жеңілдетуге септігін тигізетін электронды сот төрелігін дамытуға бірқатар жаңашылдықтар енгізілгенін атап айтты.

Сонымен қатар, бұл жаңашылдық қылмыстық процесті жеңілдетіп, тергеу әрекеттерін  санкциялау туралы материалдарды қағаз жүзінде ұсынуға қажетті уақытты барынша қысқартатынын түсіндірді.

Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін  бекітілген кестеге сәйкес Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне пилоттық жобаны енгізу жоспарланған.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі