Махамбет аудандық сотында «Қазіргі қоғамдағы әйелдердің алатын орны» тақырыбында конференция өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Утеулиева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Г.Нұрқиева, «Махамбет аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ – нің басшысы Г.Зинуллина,  аудандық орталық кітапхана директорының орынбасары З.Енбаева, әдіскер, библиографиялық бөлімнің меңгерушісі К.Сухангалиева,  әдіскер Г.Жумашева, кітапханашы Г.Шаяхметова,  аудандық тарихи өлкетану мұражайы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының экскурсоводтары А.Салимгереева, Г.Торбаева қатысты.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Утеулиева гендерлік білімді насихаттау бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарына сай аталған конференция өткізіліп отырылғандығын, жалпы осы  шарының өткізіп отырған мақсаты біздің қоғамда өзекті тақырыптардың бірі әйелдердің гендерлік теңдігі,  әйелдердің қазіргі қоғамда алып отырған орны жөніндегі мәселелерді талқылау екенін айтты.

Шара барысында бас маман А.Досмағамбетова «Қазіргі қоғамдағы әйелдердің алатын орны» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.

Конференцияға қатысушылар әйелдердің гендерлік теңдігі,  әйел азаматтардың қоғамдағы үлесі туралы көптеген өзекті мәселелер айтылып, пікір таластартар жүргізіліп, алдағы уақытта гендерлік теңдікті насихаттау бойынша ұсынымдар берілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі