Малшы спирттік ішімдіктер үшін иесінің малдарымен есептесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс қаралды. 

К.А. 2016 жылдың шілде айының аяғында Исатай ауданының Тұщықұдық селолық округіне қарасты «Көшеқара» елді мекенінде Ж.-ның қой малдарын бағып жүріп, телефон арқылы өзінің танысы Б.-ға өзіне темекі және алкоголь өнімдерін әкеліп беруін өтінген. Соңғысы тапсырған заттарды әкелген кезде  малшы оның ақысына өзі бағып жүрген иесінің алты қойымен есептескен.

Осындай әдіспен К.А. әкелген азық-түліктердің құны ретінде бір қойды С.-ға, екі қойды И.-ға берген.

Осылайша қой ұрлаушы өз иесіне 450 000 теңге көлемінде шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен К.А. кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындады. Рақымшылық заңына сәйкес негізгі жазадан босатылды.

Жәбірленуші Ж.-ның талап арызы толықтай қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі