Медиациялық келісімге қол жеткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 188-бабының 2 бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен  Б.Б.-ға және басқаларына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар осы жылдың жаз мезгілінде Атырау-Индер тас жолының 47-ші шақырымында орналасқан жәбірленуші К.С.-ның шаруа қожалығының мал қорасына барған. Кейін сотталушылар мал қораға кіріп, 25 бас қой малдарын далаға айдап шығып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Нәтижесінде жәбірленушіге 790 000 теңге материалдық залал келтірілген.

Істі қарау барысында сотталушылармен  келтірілген залалдың өтелуіне байланысты тараптар медиациялық келісімге келді.

Сотпен сотталушы Б.Б. және басқалары қылмыстық жауапкершіліктен жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде босатылып, іс өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі