Медиатор судья отбасын сақтап қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотындаталап қоюшы С.-ның жауапкер К. араларындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш салдарынан жанжал пайда болып, отбасылық ұрыс-керіс болған. Шектен шыққан жанжал салдарынан талап қоюшы некені бұзу туралы талабымен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар судьяның дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ұсынысын қолдап, татуласуға ниет білдірді. Істі қарап жатқан судья ерлі-зайыптылардың арасында медиация өткізіп, оларды ымырыласуға шақырды. Өткізілген медиация нәтижесімен ерлі-зайыптылар татуласып, бір-біріне түсіністікпен қарап, отбасын сақтап қалуға міндеттемелерін алды.

Сот тараптардың медиациялық келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі