Медиатор тараптардың татуласуына көмектесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты медиация институтын әрі қарай дамытып, күшейту мақсатында даулардың жекелеген санаттары бойынша дау-жанжалдарды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобанысоттарда  іске асыру жұмыстары басталып өз нәтижесін беруде.

Пилоттық жобаға сәйкес медиацияны міндетті түрде өткізу қажет болатын даулардың жекелеген санаттарына назар аударсақ, ювеналды соттың соттылығына жататын  баланың мүдделеріне орай даулар, атап айтқанда неке бұзылғаннан кеінгі  баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы даулар жатады.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Гизатолла Отарұлының төрағалық етуімен талап қоюшының  қызының тұрғылықтыжерін  әкесімен анықтау жөніндегі  даулы  іс  дайындық сатысында,пилоттық жобаға сәйкес  медиатор М.К.Мухтарованың  қатысуымен  медиациялық   тәртіпте аяқталды.

 Медиациялық келісім шартына сәйкес 11 жасқа толған тараптардың қызының тұрғылықты жері бір жыл мерзімге әкесімен бірге белгіленді, осы мерзім ішінде тараптар бір-бірінен алименттік міндеттемелер коймайды деп келісті.

Сот ұйғарыммен тараптардың медиациялық келісімі бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі