Медиаторлар жаңалықпен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында «Дауларды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы Д.Тұхфатова,судья А.Кұспанов,кеңсе мамандары, ауылдық округ әкімдері мен кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Сот төрағасы Д.Тұхфатова азаматтық істердің 8 санаттары бойынша,атап айтқанда,жасөспірім балаларға қатысты алименттік міндеттер туралы даулар, некені бұзу, мұрагерлік және мүлікті бөлу туралы, тұрғын орнынан шығару, еңбек және басқа да дауларға қатыстымедиация жүргізу тәртібі, сонымен бірге осы пилоттық жобаның экономикалық, ювеналдық, аудандық және оған теңестірілген басқа да соттарда жүзеге асырылып отырғанын айтып өтті.

Баяндамашы аға сот приставы Г.Егизбаевататуластыру рәсімдері институтының қоғамдық өмірдегі орныерекше екендігін,өйткені медиацияны қолдану ұзақ жүретін сот процестерінен, іскерлік ақпараттың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

 Шара соңында қатысушылар пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі