Облыс соттарында Конституция күніне орай бірқатар шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотында «Конституция – барлық заңның бастауы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылқоға аудандық әкімдігі, Қызылқоға аудандық прокуратурасы, аудандық ішкі істер бөлімі, Миялы селолық округі, Қызылқоға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық әділет басқармасы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, сондай-ақ  жергілікті «Қызылқоға» газетінің тілшілері   қатынасты.

Аталған шараны Қызылқоға аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы А.С.Сырғабаева  ашып, Конституция халықтың таңдауы, оны құрметтеп мақтан тұту және қорғау – әр адамның парызы, сондықтан Конституция күні баршамыз үшін ерекше маңызға ие үлкен мереке екенін, Конституцияның басты мақсаты – адам құқығы мен бостандығын қорғау болса, сот жүйесінің де жұмысы осы бағытта екені, сондықтан Ата Заңымыздың талаптарын сақтап, бұлжытпай орындау – басты міндет деп көрсетілді.    

Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай мерейлі де мәртебелі мерекені ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдіріп, Конституцияда көрсетілгендей ең құнды қазына – адам, оның өмірі, бостандығы, адамның құқығы бәрінен де құнды екенін тілге тиек етіп, өз ұжымдарында, адам құқықтарын қорғауда атқарылып жатқан игі істерін паш етіп ортаға салды.

Сондай-ақ, осы күні мереге орай Қызылқоға ауданы әкімдігінің  ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өткізілді.

Салтанатты жиында мерекенің мән-маңызын насихаттаумен қатар, аудан көлемінде еселі еңбектерімен еленіп жүрген  қызметкерлер марапатталып, Қызылқоға аудандық бас маман-сот отырысы хатшысы Ысқақ Айнұр Тұрсынқызына  аудан әкімінің   алғыс хаты табыс етілді.

 

Атырау облысы Индер аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Жиынға сот төрағасы Д.Тухфатова, судья А.Куспанов, кеңсе мамандары, аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімі өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Д.Тухфатова қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, мемлекетіміз үшін маңызы аса зор Ата заң  – сот-құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі, судьялар Конституция күнін кәсіби мереке ретінде қабылдайтындығын, өйткені сот төрелігін атқару барысында, судья тек Конституция мен Заңды басшылыққа алатындығын,облыстың сот жүйесі азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз ету міндеттерін абыроймен атқару екендігін атап өтті.  

Құттықтау сөзімен аудандық прокурордың аға көмекшісі Б.Адилгалиев  жиналғандарды мерекемен құттықтап, бүгінгі таңда сот тәуелсіздігін нығайту бойынша ауқымды істердің жүзеге асырылып жатқанын, сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты жаңа тиімді механизмдердің әзірленгенін, соттар мен судьялардың лайықты қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті.

Жиында кеңсе мамандары сот төрағасының Құрмет грамотасымен салтанатты түрде марапатталды. 

Конституциямыздың 22 жылдық мерейтойы қарсаңында   Жылыой  аудандық мәдениет үйінде бірқатар азаматтарды Жылыой ауданының әкімі А.Куттумуратулы марапаттады.

Айта кетерлігі, іс-шара барысында аудан әкімі Жылыой аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы А.Адаеваны «Алғыс хатпен» марапаттап, оған қызметте табыс, отбасына  амандық тіледі.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі