Ортақ пайдаланатын орынды ластаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен Б.Т.-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралған.

Құқық бұзушы Б.Т., Бейбарыс ауылындағы Төлеби көшесі бойында мас күйінде келе жатып қолындағы сыраның бос шыны бөтелкені белгіленбеген қоғамдық орында лақтырып, ортақ пайдаланатын орындарды ластап, ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Сот, құқық бұзушының түсінігін тыңдап, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, прокурордың қорытындысын тыңдап, әкімшілік жаза белгілеген кезде, құқық бұзушының өз кінәсін мойындап,  іс-әрекетіне өкінуін ескерген.

Соттың қаулысымен Б.Т. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны әкімшілік  жауаптылыққа  тартылып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

 Қаулы  заңды күшіне енген.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі