Полиция қызметкері пара алу барысында құрықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Индер ауданық Ішкі істер аға тегеушісі А.Б.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу дерегінше, полицей  қылмыстық қудалауға ұшыраған баланың әкесінен қылмыстық істі тоқтату үшін 90 мың теңге пара алған. Сондай-ақ ол баласының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы оқу орнына хат жібермеуге уәде еткен.

Антикоррупциялық қызмет Департаментінің қызметкерлері оны пара алу үстінде құрықтаған.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Источник: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі