Сот ананың мүддесін қорғап балаларын өзіне қайтарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы Г.С. жауапкер Ж.А.-ға кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Талап арызда ол жолдасымен ажырасқанын және жауапкермен ортақ некеден  2003 және 2008 жылғы кәмелет жасына толмаған екі балаларының барлығын көрсеткен.

Қазіргі уақытта балаларының біреуі әкесімен бірге тұрады. Алайда бұрынғы жолдасы 8 ай бойы анасына баласымен кездесіп, араласуға кедергі келтірген.

Осыған байланысты, анасы кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жерін өзіне заңды анықтап беруді сұраған.

Сотта жауапкер талап арыздың қанағаттандырылуына қарсылық білдірмеді.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Г.С.-ның талап арызы қанағаттандырылды. Кәмелетке жасны толмаған екі бала анасының қамқорлығына берілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі