Сот автокөлік салығын төлемеу туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында талап қоюшы К. «Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті»РММ-не іс-әрекетін заңсыз деп тану және 2016 жылғы 12 мамыр айындағы хабарламаның күшін жою туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы К. Москвич М-412 ИЭ маркалық автокөлік құралының 2014-2015 жылдар аралығындағы 8 577 теңге көлеміндегісалығы төленбегені туралы хабарламаны 2016 жылы 12 мамырда алған. Аталған автокөлік15 жыл бұрын сатылған талап қоюшы К.-ның  қайтыс болған жолдасына тиесілі болған.

Алынған мәліметтерге сәйкес, автокөлік 2001 жылдан бері К.-нің атына тіркеліп, тіркеуде шығарылмағандығы анықталған, ал жолдасы 2011 жылғы 10 тамыз айында қайтыс болған.

Сот іс бойынша қажетті дәлелдемелердің жеткіліксіз болуына байланысты талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі