Сот қамауда отырған күдіктілерге сауалнама жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандар арасында социологиялық сауалнама өткізді.

Сауалнама өткізудің мақсаты күдіктілердің өздеріне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы пікірлерін анықтау болып табылды.

Сауалнама Атырау облысы бойынша УГ-157/1 мекемесінде қамауда отырған күдіктілер арасында өткізілді. Жауап берушілер жеке формада сауалнамадағы сұрақтарға жауап берді. Зерттеу барысында 79 күдікті сауалнамаға қатысты.

«Өзіңізге қатысты қылмыстық істің қай соттың қарауына ерекше сенім білдіресіз?» деген сұраққа 50 күдікті «алқабилердің қатысуымен қаралатын соттың», 27 күдікті«кәсіби соттың» қарауына сенім білдіремін деп жауап берді, ал 2 күдікті сұрақты ашық қалдырып жауап бермеген. Бұл көрсеткіштен күдіктілердің 63,3 пайызы алқабилер сотына сенім білдіретіні көрінеді.

«Сізге алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің, қаулының қайта қарау ерекшеліктері туралы белгілі ме?»деген сұраққа 38 адам«иә», 41 адам «жоқ» деп жауап берді, яғни күдіктілердің 48,1%пайызы ғана алқабилер сотының шешімдерінің қайта қаралу ерекшеліктерін білмейтіндігі көрінеді.

«Сіздің пікіріңізше алқабилер институты қажет пе?»сұрағына 65 адам «иә», 14 адам «жоқ» деп жауап берді, яғни күдіктілердің 82,3 пайызы алқабилер институтының қажеттілігін көрсетті.

«Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің санатын (түрлерін) кеңейту қажет пе?»деген сұраққа 60 адам «иә», 19 адам «жоқ» деп жауап берді, бұл көрсеткіштенкүдіктілердің 75,9 пайызы алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санатын кеңейтуді қажет ететінін көруге болады.

Сауалнаманы қорытындылай келе, күдіктілердің алқабилер институты туралы білім дәрежесі төмен екенін көруге болады. Жүргізілген сауалнаманы негізге ала отырып, сотпен күдіктілердің алқабилер инситуты туралы білімдерін кеңейту, жетілдіру мақсатында іс-шаралар жүргізу қазіргі таңда қолға алынды.

 

Источник: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі