Сот қызметкерлерінің атына Алғыс хат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына «Атырау Кеден Logistics» ЖШС-нің директоры азамат С.У.Утешевтен Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы С.Утешев Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің қызметкерлері Гүлбақыт Тукенова, Нұргүл Марденова, Шынар Ермекқалиеваның еңбектегі кәсіби шеберлігі, жұмыста жеделділігі, қарапайымдылығы үшін зор алғысын білдіріп, олардың қызметтеріне шабыт пен табыс тіледі.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі