Сот медиациялық келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы жауапкер Ж.Ш. және басқалардан 5 002 286 теңге негізгі қарызды, 202 305 теңге сыйақыны және 2 517 280 теңге өсімпұлды  ортақ өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Сот талқылауында қарыздың ішінара өтелуіне байланысты тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді сотқа ұсынды.

Келісім шарты бойынша аталған жауапкерлер талап қоюшының есепшотына қарыздың қалған бөлігін 2017 жылдың 31 тамызына дейін аударуға міндеттенеді.

Істі қарау нәтижесінде Атырау облысының Исатай аудандық сотының ұйғарымымен аталған медиациялық келісім бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі