Сот медиациясы тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Атырау Энергосату» ЖШС-нің жауапкер Р.С.Джаниязов жеке кәсіпкерінен 190 678 теңге талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарға істі татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқтауды ұсынды, татауласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, олардың құқықтық салдарын, артықшылықтарын түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы екі жақты өтінішхатпен жүгініп, медиатор ретінде іс жүргізуінде іс жатқан судьяны таңдады.

Медиация жүргізілгеннен кейін тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Сот ұйғарымымен тараптарар асында жасақталған медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Осы тараптар арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші реет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі