Сот шешімімен алданған сатып алушыға ақшасы қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы З.А.-ның жауапкер С.В.-дан  600 000 теңге өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер С.В. талап қоюшы З.А.-мен өзара саудаласып, Атырау қаласынан үй салуға жер учаскесін 1 миллион теңгеге сатқан. Оған сатылған жердің ақшасы ретінде өзінің 4 сиырын жалданған автокөлікпен жауапкердің үйіне түсіріп, ол сиырларды 500 000 теңгеге жауапкермен өзара келісіп бағалап және қолма-қол 100 000 теңгесін беріп, жауапкерден 600 000 теңге алғандығы туралы қолхат алған. Келесі күні жауапкерге енді нотариусқа барып жерді заңдастырайық дегенде, ол бара алмаймын деп түрлі сылтау айтып, шығарып салған. Талап қоюшы үйіне келіп, ғаламтордағы жарнамаларды қарап отырғанда, әлгі сатып алған жерін жауапкер С.В. автокөлікке ауыстыру туралы тағы да жарнама беріп қойғанын көрген. Ол өзінің алданғандығын түсініп, жауапкерге төленген ақшаны қайтаруды сұраған кезде, оның ақшаны кері қайтармайтындығы туралы жауап алған. Жоғарыдағылардың негізінде талап қоюшы З.А. соттан жауапкер С.В.-дан сиырларының құнын 500 000 теңгені және қолма-қол берген 100 000 теңгені, яғни барлығы 600 000 теңгені өндіруді сұраған. 

Сот арызданушының, куәлардың түсініктемесін тыңдап, іс құжаттарын жан-жақты  зерттеп, талап қоюшының арызын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі