Сотпен тараптар арасында медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер Н.-дан 1 000 000 теңге көлемінде берешек ақша өндіру және Н-ның С-ға қолхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралып, тараптардың арасында медиациялық келісім бекітілді.

Істі қарау барысында тараптар медиация келісімін жасауға келісіп, медиация келісімінің шарты бойынша талап қоюшы С. жауапкер Н-ға қойылған талабынан бас тартады, жауапкер Н. меншігіндегі автокөлікті талап қоюшы С-ның атына мемлекеттік тіркеу құқығы берілген нотариалды куәландырылған сенімхатты табыс етіп, қарсы талап арыздан бас тартуға міндеттенеді.

Автокөлікті беру тараптардың қабылдау-беру актісі арқылы жүзеге асырылады.

Медиация рәсімінің арқасында аталған азаматтық іс өндірісі тараптардың татуласына байланысты тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі