Сотпен тұрғын үйді сату-сатып алу шартын жарамсыз деп танудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ж.Н. және У.А.-ның жауапкерлер С.Н., К.П.-ге сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылды.

Сотта жауапкерлердің талап қоюшыдан 44 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алғаны анықталды. Бірақ, талап қоюшы бұл келісім шартты даулап, сенімхатты талап қоюшыға рәсімдегісі келгенін, ал оның орнына білместікпен өзінің үйін жауапкерлерге беріп қойғанын, келісім шарттан қаражат алмағанын айтқан. Ол өзін келісім шартты алдаудың ықпалымен жасақтадым деп есептейді.

Сот аталған дауды қарап, келісім шарттың заңның бұзылуымен жасақталды деуге дәлелдер жеткіліксіз деген тұжырымға келді. Сонымен қатар, келісім шарт нотариустың қатысуымен жасақталған.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі