Сотталушы мен жәбірленуші медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Азаматша К.Г. С.С.-нің үйінде қызмет жасап, 2017 жылғы 03-22 маусым аралықтарында оның дүкенінен заттарды, азық-түлікті, киім-кешектерді және кассадағы ақшаны жымқырған.

Басты сот талқылауында сотталушы К.Г. өз кінәсін мойындады.

Сотта жәбірленуші келтірілген зиянның өтелгенін, сотталушымен медиация көмегімен татуласқандарын көрсетіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. 

Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 2)тармағымен К.Г.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды, ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен татуласуына және шығынның өтелуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар