Сотты құрметтемегені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқықбұзушы С.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

С.Т. алдын ала ескертіле тұра, сот отырысына келмеген. Аталған жайт бойынша азамат С.Т.-ға қатысты соттың сот приставымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Азамат С.Т.-ның әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653 - бабы 1 бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) дәрежеленген.

Сот қаулысымен құқықбұзушы С.Т. кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке қамақ жазасы тағайындалды.

Источник: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі