Сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

А..Е. процеске қатысушылардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда Исатай аудандық сотына жауапкер ретінде 2017 жылы 04 қыркүйекте сағат 15.00-де тағайындалған сот отырысына тиісті түрде шақыртыла тұра, сотқа дәлелді себептерсіз келмей, сотты құрметтемеушiлiк білдіретін  әрекет жасаған.

Сот отырысында өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізіліп жатқан адам А.Е. өзінің кінәсін толық мойындады.

Істі қарау нәтижесінде Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен А.Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі