Судьялар атына алғыс хаттар түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ,Ә.Мәмидің, Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың, Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Б.Жұмабаевтың аттарына сенімхат бойынша өкілдер Т.Боранғалив, Б.Тукулов, «ISKER»Консорциум» ЖШС-нің бас директоры Б.Балгимбаев және азамат С.Г.Бабаевтың аттарынан Алғыс хаттар келіп түсті.

Бірінші хаттыңавторы қорғаушы Т.Боранғалиев өзінің және А.Бақтыбайқызының атынан Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғановқа жеке қабылдауында сыпайылық көрсетіп, мәселелерді шешуде пайдалы кеңестер бергені үшін алғысын білдірген. Сонымен қатар, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Комиршиновке және Атырау облыстық сотының судьясы Бағила Нұржановаға ісбойынша әділ шешім қабылдағаны үшін  ризашылығын білдірді.

 Екінші хаттың авторы азамат Б.А.Тукулов Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы З.Г.Байназароваға істі жан-жақты және объективті түрде зерделеп, әкімшілік істі қарауда кәсіби шеберлік танытқаны үшін алғысын білдірген.

«ISKER»Консорциум» ЖШС-нің бас директоры Б.Балгимбаев Компания жұмысшыларының заңсыз көтеріліске әкелген ұжымдық еңбек дауын реттеуде өз ықпалын тигізіп, тараптардың татуласуы үшін шара қолданғаны үшін Жылыой аудандық сотының судьясы Ш.Исмагамбетоваға өз алғысын білдірген. Сонымен қатар, азаматтық іс сотпен жан-жақты және объективті түрде қаралды дей келе, сот отырысының хатшысы А.Адаеваның  жұмысын атап көрсеткен.  

Келесі хатта азамат С.Г.Бабаев өзіне қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығару кезінде өзінің жағдайын жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрін қолданғаны үшін Жылыой аудандық сотының судьясы Ш.Исмагамбетоваға шексіз алғысын білдірген.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі