Тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы «СПК «Атырау» АҚ-ң жауапкерлер Б.К-ге және басқаларға шарт бойынша қарызды ортақ түрде өндіру туралы азаматтық ісі қаралған.

Талап қоюшы «СПК «Атырау» АҚ-мы «КТ «Шынтас»ЖШС-мен арасында 2011 жылы жасақталған кепілдеме шарты бойынша (ортақ жауапкершілік туралы) 2 615 645 теңге негізгі қарызын, 48 408 теңге сыйақысын және 770 766 теңге айыппұлды жауапкерлерден ортақ түрде өндіру туралы талаппен жүгінген.

Істі қарау барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, азаматтық істі тоқтатуды сұраған. Медиациялық келісімінің шарты бойынша жауапкерлердің әрқайсысы талап қоюшы «СПК «Атырау» акционерлік қоғамының банкідегі есеп шотына осы жылдың тамыз айында 71 787 теңге төлеуге міндеттенген. Сонда жауапкерлердің шарт бойынша ортақ түрде өндірілуге жататын қарыздың көлемі 2  871 506 теңге құраған. Ал, талап қоюшы «СПК «Атырау» акционерлік қоғамы жауапкерлер Б.К-ге және басқаларға шарт бойынша қарызды ортақ түрде өндіру жөніндегі талабынан бас тартқан.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.            

Ұйғарым заңды күшіне енген.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі